Жалпыға бірдей әскери қызмет. Онлайн-кездесу.
2020-2021 оқу жылына арналған әскери–патриоттық тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2004 жылы туған «№27 ЖОББМ» КММ ұл балаларымен жоспарланған ZOOM платформасы арқылы кездесу, әнгіме өткізілді. Әңгіме барысында ҚР ҚК әскери дайындығын және оқу–тәрбие үдерісін, тәртіптілікті, әскери тәртіпті тиісті деңгейде ұстап тұру маңыздылығы түсіндірілді. ҚР Конституциясының 36 бабының негізінде «Әрбір азамат өз Отанын қорғауға міндетті», -делінген. Мемлекетіміздің тыныштығын қорғау- қасиетті борышымыз.