«Кітап оқуға құмарлық» атты тәрбие сағаты » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

11
октябрь
2021

«Кітап оқуға құмарлық» атты тәрбие сағаты

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қатар адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырады.

Осы мақсатта 3 «Б» сыныбында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқуға құмарлық» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатында оқушылар өздерінің бос уақыттарын тиімді іспен, кітап оқумен өткізгендіктері туралы әңгімеледі. Кейбірі әңгіме кітаптарын оқыса, енді бірі әлем халықтарының ертегілері туралы  кітаптарын оқығандықтары  туралы жарыса әңгімеледі. Енді бірі мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқығандығын айтып өтті. Балалар оқыған әңгімелерінің не туралы екендігін ортаға салып, ой бөлісті. Сонымен қатар оқушылар тәрбие сағаты барысында кітап оқудың қандай пайдасы бар екендігін постер арқылы ортаға салды.