08
октябрь
2021
«Итнернеттегі байланыс ережелері» атты тәрбие сағаты
«Қауіпсіз ғаламтор» апталығының аясында 6 «А» сыныбымен өткен «Итнернеттегі байланыс ережелері» атты тәрбие сағатында білім алушылардың ғаламторды пайдалану деңгейін, ғаламтордаа сақтық ережелерін сақтау туралы, жеке деректердің құпиялығы жайында сөз қозғалды. Әсіресе WhatsApp, телеграмм мессенджерлері арқылы хат жазысқанда дұрыс амандасып, сыпайы сөйлесу, бірін-бірі сыйлау абзал екендігі жайында пікір айтылды. Сонымен қатар, орфографиялық, пунктуациялық қателіктерсіз хат жазысу көркемділігі жайлы сөз қозғалды.#пайдалыинтернет2021
