08
октябрь
2021
«Мен және менің виртуалды достарым» тақырыбында тренинг өтті
«Ғаламтордың пайдасы » атты мекепішілік іс-шараның жоспары бойынша педагог-психолог Асем Тукенқызы 08.10.2021ж 8 «А» сыныбында «Мен және менің виртуалды достарым» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру, ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу, телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу,әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы туралы ақпараттар беру.кеңестер, ұсыныстар тарату. Тренингта оқушыларға әртүрлі қызықты ойын жаттығулар жүргізіліп, ұялы телефонды пайдалануға байланысты кеңестер, виртуалды достарыңызды қаншалықты танисыз? оқушыларға арналған жадынамалар таратылды.#пайдалыинтернет2021
