

1 желтоқсан - тұңғыш президент күніне арналған «Елін -сүйген Елі-сүйген елбасы” тақырыбында 5 б сыныбында ZOOM платформасы арқылы тәрбие сағаты болып өтті! Тәрбие сағатының мақсаты: Елдің тарихи даму кезеңдері мен Елбасы саясаты туралы білімдерін тиянақтай отырып, 1991-2019 жылдар аралығындағы Н.ӘНазарбаевтың Қазақстан Республикасы үшін жасаған жетістіктері мен қызметтерін айта отырып, оқушыларды отан сүйгіштікке, өз елін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағат барысында осы мақсаттар негізінде оқушыларға елбасының өмірбаяны мен мемлекет үшін қызмет еткен жетістіктері баяндалды. Оқушылар тәрбие сағатына белсенділікпен қатысып сұрақ-жауаптарға оз ойларын айта отырып тиянақты жауап берді! 5 б сынып жетекшісі Кемербаева Г.А