Жалпыға бірдей әскери қызмет. Онлайн-кездесу. » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпыға бірдей әскери қызмет. Онлайн-кездесу.

20
ноябрь
2020

Жалпыға бірдей әскери қызмет. Онлайн-кездесу.



2020-2021 оқу жылына арналған әскери–патриоттық тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2004 жылы туған «№27 ЖОББМ» КММ ұл балаларымен жоспарланған ZOOM платформасы арқылы кездесу, әнгіме өткізілді. Әңгіме барысында ҚР ҚК әскери дайындығын және оқу–тәрбие үдерісін, тәртіптілікті, әскери тәртіпті тиісті деңгейде ұстап тұру маңыздылығы түсіндірілді.

ҚР Конституциясының 36 бабының негізінде «Әрбір азамат өз Отанын қорғауға міндетті», -делінген. Мемлекетіміздің тыныштығын қорғау- қасиетті борышымыз. 

Кездесу мақсаты: Отанды қорғау қаншалықты қажет және маңызды, оның қауыпсіздігі үшін әр азамат міндеті екенін оқушыларға айтып жеткізу, түсіндіру.

    Мектеп медбикесі Е.В. Баканова оқушыларға әскери қызмет атқару үшін денсаулықтың қаншалықты мықты болу керек екенін түсіндіре отырып, болашақ отанқорғаушыларға дәрігерлік тексеруден өтудің тәсілдерін түсіндіріп берді. 

   Оқушылар кездесу барысында әскери қызметке  деген қызығушылықтарын танытып, түрлі сұрақтар қойды. Әнгіме өз деңгейінде өтті. Қорытындылай келе мектебіміздің екі оқушысы Рахимжанов Ернар, Қасенов Әділ әскери жоғарғы оқу орындарына баруға өтініш білдірді. 

АӘТД оқытушы–ұйымдастырушысы запастағы майор Е.Б. Тиыштыкбаев