«Дұрыс тамақтану қағидасы» атты іс-шара туралы мәлімет
«Дұрыс тамақтану қағидасы» атты іс-шара туралы мәлімет
13.12.2021ж.
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дұрыс тамақтану қағидасы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат жаңадан ыстық тамақ ішетін оқушыларға мектеп асханасында тамақтану әдебі мен қағидалары туралы түсінік беріп, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, ыстық тамақ ішіп жүрген оқушылардан кері байланыс алып, анықталған олқылықтар бойынша жұмыстар атқару.
Іс-шараға 1-11 сынып оқушыларының ыстық тамақ ішетін оқушылары қатысты. Іс-шара барысында мектебіміздің ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА менгерушісі Джамединова С.Б. «Асханада тамақтану тәртібі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар сұрақ қойып, өз жауаптарын алды. Мектеп медбикесі Баканова Е.В. мектеп асханасында сақталуы тиіс санитарлық-гигиеналық талаптар, асхана тағамдарының мөлшері, дұрыс тамақтану қағидалары туралы баяндама оқыды.
Оқу жылының 2 тоқсанында ыстық тамақпен қамтылған оқушылар асхана жайлы кері байланыс беріп, төмендегідей ұсыныстар айтты:
- Мектеп асханасында сатылатын асхана өзіндерінің ассортиментін молайту;
- Асхана жұмысын ұлғайту және т.б.
ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТАнің меңгерушісі Джамединова С.Б. ұсыныстар негізінде сөз қорытындылап, ұсыныстарды асхананы жалға алушысына жеткізетінін айтты.
ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТАнің меңгерушісі Джамединова С.Б.
Мектеп медбикесі Баканова Е.В.