10
февраль
2022
"Отанымды сүйемін" атты челлендж ұйымдастырылды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп жоспарына сай 3 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 9 ақпан күні жатқа оқудан "Отанымды сүйемін" атты челлендж ұйымдастырылды. Сынып оқушылары қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығымен кеңінен танысып, 9 ақпан М.Мақатаевтың туған күніне орай ақынның "Отан туралы" өлеңін жатқа оқыды. Оқушылардың оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында жоспарланғаніс-шара сынып жетекшілер Л.Қ.Медеуқанова, Г.С. Мынжанова, А.А.Садыкова мен мектеп кітапханасышы Ж.А. Құдайбергенованың бастамасымен өз деңгейінде өтті.