15
сентябрь
2021
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шара туралы мәлімет

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шара туралы мәлімет
15.09.2021жыл.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, пайдалы тамақтану туралы мәлімет беріп, асхана әдебі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Іс-шараға 1-11 сынып оқушыларының ыстық тамақ ішетін оқушылары қатысты. Іс-шара барысында мектептің әлеуметтік педагогы Асубаева А.К. «Асхана әдебі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар сұрақ қойып, өз жауаптарын алды. Мектеп Медбикесі Баканова Е.В. дұрыс тамақтану, зиянсыз тағамдар секілді тақырыптарда баяндама оқып, үнемі дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, оқушыларға тамаққа бару кестесі, асханада өзін ұстау мәдениеті, ыстық тамаққа кешікпеу, тамақ сапасы туралы шағымдарды қабылдау бойынша ұсыныстар айтылды.
Әлеуметтік педагог Асубаева А.К.
Мектеп медбикесі Баканова Е.В.