«Ұлы дала ұстазы» атты танымдық сабағы
08.02.2022ж. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген бастауыш 2 «А,Б,В»сыныптар арасында «Мен оқимын ,сен де оқы! Ы Алтынсарин «Ұлы дала ұстазы» атты танымдық сабағы өткізілді.Мақсаты:Талай дана- данышпан дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан Ы. Алтынсариннің өлеңдері мен шығармаларын дәріптеу . Балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу,еңбекті сүю және қадірлеу- Ыбырайдың әңгімелерінің негізгі тақырыбы.Оқушылар мектеп кітапханасында сынып жетекшілері мен кітапханашысының ұйымдастырған танымдық сабағына қызығушылықпен қатысты.Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар , оқылық!», «Өнер ,білім бар жұрттар», «Ананың сүюі», «Өзен»өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды, «Әке мен бала»әңгімесінің бейне қойылымын қарап,ой бөлісті.Жазушының әр әңгімесінде тәрбиенің ізі барын,оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жеткізе білді.