Ерлік сабағы «Отан. Тәуелсіздік. Патриоттық сезім»
Ерлік сабағы
«Отан. Тәуелсіздік. Патриоттық сезім»
16 желтоқсан Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орай «№27 ЖОББМ» КММ-нің 10-шы сынып оқушыларымен, жоспарланған ZOOM платформасы арқылы Ерлік сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
- Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы оқушылар бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру
- Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;
- Тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу.
Тәуелсіздік – киелі де қасиетті ұғым. Тәуелсіздік – ең басты құндылы-ғымыз. Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухынының жемісі.
Ерлік сабағына ҚР ҚК ардагері, зейнеткер, запастағы майор Құлатаев Қайырбек Тортаевич арнайы қатысты.
Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына, Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерекесі, тұспа-тұс келіп отыр.
Сабақ барысында оқушыларға, еліміздің Тәуелсіздігі жайлы тарихи деректі видеороликтер, слайдтар көрсетілді.
Қонағымыз Қайырбек Тортаевич Тәуелсіздігіміз жайлы оқушылармен әңгіме өткізді, қойылған сұрақтарына нақты жауап қайтарды.
Сабағымызда қосымша, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен әскери қызмет жолдары жайлы деректі видеоролик көрсетілді, Бауыржан атамыз әскери қызметі мен қоса, ақылдылық қасиеті, суретші, шежіре, ұлттық қасиеттерді мол тарихи тұлға екені жайлы деректер келтірілді.
Қорытындылай келе оқушылар Отанымыз жайлы, Тәуелсіздігіміз жайлы, еліміздің патриоты Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы жайлы құнды деректермен білім қоржындарын толықтыра түсті.
«Отан үшін отқа түс, күймейсің!» Б. Момышұлы
АӘТД оқытушы-ұйыымдастырушысы
запастағы майор Е.Б. Тиыштықбаев