«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты тренинг.
Әрбір оқу жылының басында жас мамандарға арналған тренинг өтікізіліп отырылады. Тренинг тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру. Тренинг төмендегідей жоспар бойынша өткізіледі:
•«Танысу» жаттығуы
•«Мұғалім болу ...» жаттығуы
• «Келісу керек» ойын-жаттығуы
• «Өзіңді білгің келсе ...» жаттығуы
- Сұрақ менен, жауап сізден
- Жас мамандарға психологиялық кеңестер
- Қорытындылау
Бірінші жарты жылдық соңында жас мамандардың жұмысқа қалыптасуын анықтау мақсатында психологтардың қатысуымен «Менің кәсіби мамандығым» жас мамандарға арналған психологиялық тренинг өткізіліп отырылды.
Тренинг мақсаты жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?» – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Жас мамандардың ауызбіршілігін қалыптастыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.
Аталған шаралардың жас мамандардың ортада адаптациялық кезеңнен сәтті өтуіне және кәсіби біліктіліктерін шыңдауға үлкен үлесін қосары анық. Өткізілген шаралар мазмұнды болды
