Мектепішілік олимпиада » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

16
ноябрь
2019

Мектепішілік олимпиада

Елбасымыздың бүгінгі таңдағы өскелең ұрпақтың алдында қойған басты мақсаты - білім мен ғылым сабақтастығын ұштастыру. XXI ғасыр - жастар өз әлеуетін барынша пайдалана отырып, табысты, бәсекеге қабілетті болуға барлық мүмкіндік ашылған кезең. Жаңартылған білім мазмұны да білім алушыларды өз білімін түрлі өмірлік жағдайларда қолдануын, тұлғаның жан-жақты дамуын, көшбасшылық, ұжымда жұмыс жасай білу қабілетін қалыптастыру міндетін көздейді. Біздің мектебіміз де оқушыларды ғылыми ізденістерге жетелеп, бұл бағыттағы жұмысты жетілдіріп келеді. Осы орайда бүгін оқушылардың ғылыми негіздері бойынша мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Мектепішілік олимпиадада білімімен дараланған оқушылар қалалық олимпиадаға жолдама алды.