«Бала денсаулығы біздің қолымызда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
21.01.2022 ж. мектебімізде 1-11 сынып ата-аналарының жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты - өткен тоқсанды қорытындылау болды. Жиналыс «Бала денсаулығы біздің қолымызда» тақырыбында өткізілді. Әрбір ата-ана өз баласының дені сау, денсаулығы мықты болғандығын қалайды. Сондықтан ата-ана балаларға қажетті салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын ұстануды ұмытпауы тиіс. Бұл қағидаларды ұстану бала денсаулығы үшін, әсіресе мектеп жасындағы бала денсаулығының дамуына өте қажет болып табылады.
Жиналыстың күн тәртібінде: «ІІ тоқсан қорытындысы», «ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауы (11.01.2022 ж.)», «Мектептің қашықтық оқыту форматына көшуі», «Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ дайындық 9,11 сыныптар» тақырыптары болды. Сынып жетекшілер күн тәртібіндегі барлық тақырыптарға тоқталып, ата-аналардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді. Қазіргі пандемия жағдайына байланысты жиналыс қашықтық форматта өткізілді. Барлық сыныптың ата-аналары жиналысқа белсенділікпен және жауапкершілікпен қатысты.
Ата-аналар жиналысы
Күні: 21.01.2022
Уақыты: 1-4 сыныптар - 17.00
5-8 сыныптар - 18.00
9-11 сыныптар - 19.00
Тақырыбы: «Бала денсаулығы біздің қолымызда»
Күн тәртібі:
- ІІ тоқсан үлгерім қорытындысы
- ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауы 11.01.2022 ж
- Мектептің қашықтық оқыту форматына көшуі
- Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ дайындық 9, 11 сыныптар
- Әр түрлі
Родительское собрание
Дата: 21.01.2022
Время: 1-4 классы - 17.00
5-8 классы - 18.00
9-11 классы - 19.00
Тема: «Здоровье детей в наших руках»
Повестка дня:
- Итоги успеваемости за ІІ четверть
- Послание Президента РК К.К.Токаева 11.02.2022 г.
- Переход школы на дистанционное обучения
- Итоговая аттестация и подготовка к ЕНТ 9, 11 кл
- Разное



