Әскери патриоттық іс-шара » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

10
декабрь
2021

Әскери патриоттық іс-шара

08.12.2021 ж. мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған, Тәжік- Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагері Байғазиев Айдын Нұрсұлтановичтің қатысуымен жастарды патриоттық тәрбие беру мақсатында әскери патриоттық іс-шара өткізілді. Оқушыларға еліміздің Тәуелсіздігі жайында, Тәжік- Ауған шекарасындағы қақтығыс жайлы деректі видеороликтер, көрсетілді.
Ардагер қонағымыз, оқушыларға еліміздің Тәуелсіздігі жайында , өзінің жауынгерлік өмір жолын әңгімелеп айтып, оқушылардың көмейінде жүрген қойған сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара болашақ Отан қорғаушылардың әскери қолданбалы спорт түріне жалғасты.
Жарыс қорытындысы бойынша
1-ші орын Тоқанов Ерасыл , 11 "Б"🥇
2-ші орын Сайжанов Нұржан, 10 "В"🥈
3-ші орынды Айтказинов Арсен, 10 "Б" 🥉 иеленді.
Тәжік- Ауған шекарасындағы қақтығыс ардагері Айдын Нұрсұлтанович жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, жастарға Отанымыздың мықты патриоты болатын, ұл- қыздарымыз болыңдар,- деп тілек айтты.