05
апрель
2022
ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІЛДІ
Достар, жазғы мектеп тақырыбына арналған «Желіге шолу» жобасының жаңа саны шықты Біз әрқашан оқушыларды, ата-аналарды және педагогтарды толғандыратын барлық мәселелерді мұқият қадағалап отырамыз. Соңғы күндері, басым бөлігі мектеп оқушылары болатын TikTok қолданушылары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің bilim_gylym парақшасындағы жазғы мектептердің жұмысына қатысты жазбаларымызға белсенді түрде өз сұрақтарын қалдырды. Сондықтан «Желіге шолудың» жаңа шығарылымында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жазғы мектептер жұмысының қалай ұйымдастырылатыны туралы айтып берді. Толық ақпаратты бейнероликтен алуға болады. Жағымды тамашалауды тілейміз! P.S. Жазғы мектеп барлық балалар үшін ұйымдастырылады. Алайда, егер күтпеген жағдайлар туындаса, онда жазғы мектеп туралы түпкілікті шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздері қабылдайды.