ОЖСБ қорытындысы туралы » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

02
май
2019

ОЖСБ қорытындысы туралы

«№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 

4,9,11 сынып оқушыларымен өткізілген 

ОЖСБ қорытындысы туралы


2018-2019 оқу жылында сәуірдің 22-24-і аралығында «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілде № 319-III ҚР «Білім туралы» Заңының 55 бабының негізінде 4,9,11 сынып оқушыларымен ОЖСБ жүргізілді. Барлығы 194 оқушының 186-сы (4 сыныптан-102 оқушы, 9 сыныптан-63 оқушы,                       11 сыныптан-21 оқушы) қатысты, бұл барлық оқушының 96%-ын құрайды. 4 «г» сыныбындағы 1 оқушы басқа мектепке ауысып кеткен және денсаулығына байланысты 4 сыныптардан-2 оқушы, 9 сыныптардан-4 оқушы және 11 сыныптан  республикалық жарысқа баруына байланысты 1 оқушы ОЖСБ сынағына қатысқан жоқ. 

ОЖСБ сәуірдің: 22-сі күні 4 сыныптарда (қағаз тасымалдағышта) 2 пән: қазақ тілі және математика, 23-24-і күні 9 сыныптарда (компьютерлік онлайн-тестілеуі) қазақ тілі және жалпыға міндетті пәндер: биология, химия, физика, алгебра, Қазақстан тарихы, география, дүниежүзі тарихынан, 11 сыныпта (компьютерлік онлайн-тестілеуі) үш пән қазақ тілі және физика, Қазақстан тарихы бойынша кешенді тестілеу түрінде жүргізілді. 

            4-сыныптар бойынша ОЖСБ қазақ тілі мен математика пәндерінен оқушылардың білімдері сынға түсті. Нәтижесінде ортақ ұпай 20,4 болды. Ең жоғарғы 29 ұпай, ең төмен ұпай 9 болды.

9-сыныптар бойынша ОЖСБ қазақ тілінен және таңдау пәндері химия (8 оқушы), биология (8 оқушы), физика (6 оқушы), география (10 оқушы), Қазақстан тарихы (13 оқушы) (13 оқушы), дүниежүзі тарихы (11 оқушы), алгебра (7 оқушы) пәндерінен өткізілді. Ортақ ұпай саны 43,1 құрады. Ең жоғары ұпай 65, ең төмен ұпай саны 22 болды. 

11-сыныптар бойынша ОЖСБ қазақ тілі, Қазақстан тарихы, физика пәндерінен өткізілді. Ортақ ұпай саны 48,6 құрады. Ең жоғары ұпай 68, ең төмен ұпай саны 26 болды. 


    Ағымдағы жылдың сәуір айының 19 мен 24 аралығында жалпы орта білім беретін ұйымдардың 4-9-11 сынып оқушылары арасында оқушылар жетістіктерінің сырттай бағалауы (ОЖСБ) жүргізілді.
    ОЖСБ №№1, 3, 4, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 17,18, 20, 22, 23, 27, 31, 34, 36, 38, 40, 41, 48 орта мектептер базасында және № 6, № 37 гимназияда, экономикалық лицейде кешенді тестілеу нысанында, қағаз нұсқада және заманауи ақпараттық технологияларды қолданумен жүргізілді:
    19 сәуір күні:4,9,11-сыныптарының (№№ 3, 4, 12, 15, 17, 20, 23, 36,
    40, 41, 48)  1670 оқушысының 1593 оқушысы немесе 94 % қатысты. 
    Қала бойынша орташа балл көрсеткіші – 44,5 балл.
    22 сәуір күні – 4-сыныптың 1476 оқушысының 1420 оқушысы немесе  96,2 % қатысты. Қала бойынша орташа балл көрсеткіші – 22,5 балл.
    23 - 24 сәуір күндері -  9, 11 сыныптардың 1227 оқушысының 1179 оқушысы немесе  96% қатысты. Қала бойынша орташа балл көрсеткіші – 57 балл.
    Қала бойынша ОЖСБ рәсімімен барлығы 4373 оқушының
    4192 оқушысы қамтылды немесе  95,8 %.
    Қала бойынша орташа балл – 72,1  құрады.
    4 сыныптар үшін – тестілеу 2 пән (математика, қазақ/орыс тілі) бойынша жүргізілді. Тестілік тапсырмалардың жалпы саны - 30, жалпы тестілеу уақыты- 70 минут (1 сағат 10 минут); екі пән бойынша ең жоғары балл - 30 балл.
    9 сыныптар үшін – 2 пән бойынша тестілеу (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі), (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі міндетті), бір таңдау пәні. Тестілік тапсырмалардың жалпы саны - 60, жалпы тестілеу уақыты - 130 минут (2 сағат 10 минут); екі пән бойынша ең жоғары балл -  75 балл.
    11 сыныптар үшін – 3 пән бойынша тестілеу (қазақ тілі, 2 таңдау пәні). Тестілік тапсырмалардың жалпы саны - 80, жалпы тестілеу уақыты - 140 минут  (2 сағат 20 минут); үш пән бойынша ең жоғары балл -100.
    Тапсырмалар жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары негізінде құрылған және осы бағдарлама шеңберінен ауытқушылықтар жоқ.   ОЖСБ нәтижелері Шәкәрім атындағы СМУ жанындағы Ұлттық тестілеу Орталығы филиалында өңделді.   
    ОЖСБ жүргізілуіне бақылау білім саласындағы бақылау Департаментімен (БСБД), білім және ғылым Министрлігінің уәкілетті өкілдерімен жүзеге асырылды.