Тұңғыш Президент күні. Әдеби-монтаж. 8,9 сыныптар.
1-желтоқсан - тұңғыш президент күніне арналған «Президент күні-барша Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында 8 «Б» сыныбы және
9 «В» сыныбында әдеби-монтаж өтті. Сынып жетекшілері: Нургазина Б.А., Шинжина Л.Т. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Әдеби-монтажға оқушылар белсенділікпен қатысып, өлең шумақтарын оқыды.
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!