«Рақмет саған туған жер!» атты лездеме өтті » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Рақмет саған туған жер!» атты лездеме өтті

01
март
2022

«Рақмет саған туған жер!» атты лездеме өтті

      Елімізде жыл сайын көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі атап өтіледі. Қазақстан халқы биыл алтыншы рет Алғыс айту күнін тойлайды. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. Тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

 Осы орайда, мектебіміздің 8 «В» сынып оқушылары мерекені таң атысымен көтеріңкі көңілмен, бір-біріне жылы сөздер айтумен «Рақмет саған туған жер!» атты лездемеден бастады. 

Лездеменің басты мақсаты – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту; ризашылық пен алғыс туралы түсінік беріп, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.