Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі апталығының сараптамасы » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі апталығының сараптамасы

29
ноябрь
2021

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі апталығының сараптамасы

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі

 апталығының сараптамасы 

2021-2022 оқу жылы

     22-26 қараша аралығында «Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі»  атты   қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің  апталығы болып өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді. Бұл іс-шараларға  пән мұғалімдері, мектеп оқушылары  белсене қатысты. 

         Апталық барысында 8«Г» сыныбында «Білгірлер» сайысы(Шинжина Л.Т.), 7 «А»  сыныбында  «Алтын қақпа»  зияткерлік   ойыны   (Дуйсембаева Г.А.), 

        10 «Б» сыныбында «XXI ғасырдың көшбасшысы» зияткерлік ойыны (Отынбаева Д.Б.), 7 «Б» сыныбында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай әлеміне саяхат» атты білім сайысы (Советқанова М.С.), 5 «А» сыныбында «Тіл - әдебиет білгірі» викторинасы (Мамырбекова А.М.), 9 «Б» сыныбында «Тәуелсіз елге  - білімді  ұрпақ»   білім   сайысы  (Нургазина Б.А.), 

5 «Д» сыныбында «Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің  туғанына – 80 жыл» әдеби танымдық кеші (Дюсембаева К.А.), 6 «Б» сыныбында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Жырлайды жүрек!» тақырыбында   әдеби кеш (Айтимова Б.С.), 5 «Г» сыныбында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы (Байболова А.Е.), 6 «А» сыныбында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны (Мамырбекова А.М), 7«В» сыныбында «Білгірлер» зияткерлік сайысы (Шинжина Л.Т.), 6 «Б» сыныбында «Кім жылдам?» сайысы (Нургазина Б.А.) , 10 «А» сыныбының ұйымдастыруымен  Тәуелсіздік мерекесіне орай  Ауған-тәжік шекарасындағы қақтығыс ардагерлерімен «Тәуелсіздік –рухани жаңғыру кепілі»   атты әдеби-сазды кездесу (Отынбаева Д.Б.)  өткізілсе, 8 «А» сыныбында «Логистика туралы  не білеміз?» (Советқанова М.С.), 5«Б» сыныбында «Ағаштар» (Мамырбекова А.М.), 4 «В» сыныбында «Зергерлік бұйымдар» (Байболова А.Е.), 8«Б» сыныбында Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі (Отынбаева Д.Б.), 5«Д» сыныбында «Сусыз өмір жоқ!» (Дюсембаева К.А.), 5«В» сыныбында «Өсімдіктер әлемі» (Айтимова Б.С.) , 7«Г» сыныбында «Футбол ойнаймыз» (Шинжина Л.Т.), 6«А» сыныбында «Бес асыл іс, бес дұшпан» (Дуйсембаева Г.А.), 6 «В» сыныбында  «Қазіргі заманғы өнер мұражайы» (Нургазина Б.А.)тақырыптарында ашық сабақтар болып өтті. Апталықта жоспарланған іс-шаралар мен сабақтар өз деңгейінде өткізілді. 

         Пән мұғалімдері өз сабақтарын, сыныптан тыс шараларды өткізу барысында АКТ-ны тиімді қолданып, интерактивтік тақтамен жан-жақты жұмыс жасады.Пән аясында өткізілген іс-шаралардың  тәрбиелік мәні зор болды деп есептеймін, себебі тілді қатынас құралы ретінде де, мемлекеттік тіл ретінде де жақсы біліп, меңгеру керек екендігін оқушыларға ұғындыруға тырыстық. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі: Шинжина Л.Т.