Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі апталығы
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі
апталығының сараптамасы
2018-2019 оқу жылы
10-15 желтоқсан аралығында «Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі» атты қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің апталығы болып өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді.
Бұл іс-шараларға пән мұғалімдері, мектеп оқушылары белсене қатысты.
Апталықты 7 «В», 10 «А» сынып оқушылары «Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі» атты лездемесімен ашты. (Шинжина Л.Т., Отынбаева Д.Б.)
Апталық барысында 6 «А» сыныбында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны (Мамырбекова А.М), 7«В» сыныбында «Білгірлер» зияткерлік сайысы (Шинжина Л.Т.) , 6 «Б» сыныбында «Кім жылдам?» сайысы (Нургазина Б.А.) , 10 «А» сыныбының ұйымдастыруыменТәуелсіздік мерекесіне орай Ауған-тәжік шекарасындағы қақтығыс ардагерлерімен «Тәуелсіздік –рухани жаңғыру кепілі» атты әдеби-сазды кездесу (Отынбаева Д.Б.) өткізілсе, 6 «А» сыныбында «Тарихи тұлғалардың өмірі» ( Мамырбекова А.М.), 5 «Б» сыныбында Ыбырай Алтынсарин «Атымтай жомарт» (Отынбаева Д.Б.), 9 «А» сыныбында Үмбетей жырау «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» (Ибраева Н.С.), 2 «Г» сыныбында «Ауылға барамын» (Шинжина Л.Т.), 6 «Б» сыныбында «Күй атасы – Құрманғазы» (Нургазина Б.А.) тақырыптарында ашық сабақтар болып өтті. Апталықта жоспарланған іс-шаралар мен сабақтар өз деңгейінде өткізілді.
Пән мұғалімдері өз сабақтарын, сыныптан тыс шараларды өткізу барысында АКТ-ны тиімді қолданып, интерактивтік тақтамен жан-жақты жұмыс жасады.Пән аясында өткізілген іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор болды деп есептеймін, себебі тілді қатынас құралы ретінде де, мемлекеттік тіл ретінде де жақсы біліп, меңгеру керек екендігін оқушыларға ұғындыруға тырыстық. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі: Шинжина Л.Т.