28
декабрь
2021
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысы
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Осы орайда “Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел” жобасы аясында желтоқсан айында белгілі жазушы Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтпаев» роман-эссесінің сюжеттік желісі бойынша 10 «Б» сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайыс жеңімпаздары грамоталармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыру, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру.
Барлық мектеп оқушыларын қысқы каникулда көркем шығарма оқуға шақырамыз!
Пән мұғалімі: Отынбаева Д.Б.