Жаз-2024: жазғы демалысты қалайша қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге болады? » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаз-2024: жазғы демалысты қалайша қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге болады?

28
май
2024

Жаз-2024: жазғы демалысты қалайша қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге болады?

Жаз-2024: жазғы демалысты қалайша қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге болады? 

📖 Қазақстан Републикасының Оу-ағарту министрлігі балалардың бойында жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» 
Guidebook жинағын әзірледі. 

📌 Бұл әдістеме тоғыз бөлімнен тұрады: «Жаз кітаппен бірге», «Сенің қауіпсіз жазың», «Танымдық жаз», «Сенің өмір салтың – салауатты өмір салты», «Жаз – өнердің, шығармашылықтың және сұлулықтың қызықты әлемі», «Жаз – өзін-өзі дамыту уақыты», «Сенің алғашқы жеке күнделігің», «Өз қолыңмен жазғы сыйлық жаса», «Жазғы ойындар». Сондай-ақ мұнда жедел қызметтердің телефон нөмірлері де көрсетілген. 

«Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары үшін «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook жинағының үш нұсқасы әзірленді. Оның әрбір парағында QR-кодтар орналастырылған, ол арқылы оқушы сол берілген тақырыптар бойынша ақпарат ала алады. Бұдан басқа мұнда орталық мемлекеттікоргандармен бекітілген балаларға арналған жазғы сауықтыру орталықтарының тізімі берілген», - дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева. 

📎 «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook-тің электронды нұсқасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ өңірлік білім басқармалары мен білім беру ұйымдарының ресми сайттарында қолжетімді. Жаз мезгілінде жалпы еліміздегі оқушылардың 92%-ын демалыспен және еңбекпен қамту жоспарлануда.