Бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды

13
март
2023

Бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды

Абай облысы  білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің

     «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық

             мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды. 


1. Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханашы қызметіне.

2. Орналасқан жері: Абай облысы  Семей қ., Әуезов даңғылы 17 

3. Байланыс нөмірі: 8/7222/ 32-77-71.

4. Электрондық мекен-жайы: semey_sosh27@mail.ru

5. Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. 

Толық ақпарат алу үшін:

Абай облысы Семей қ., Әуезов даңғылы 17

Байланыс нөмірі: 8/7222/ 32-77-71.

Электрондық мекен-жайы: semey_sosh27@mail.ru хабарласу керек. 


4. Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты:  Хабарлама берілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде , 9.00 сағат 17.00 дейін қабылданады. 

5. Байқауға қатысушыға қойылатын талаптар:  

    - кітапханашы қызметінде 3 жылдан кем емес еңбек өтілі

- Кітапхана мамандығы бойынша арнаулы орта және жоғары білімінің болуы

- компьютерде жұмыс істей білуі. 

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" № 338 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" № 319 заңы,  жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер

6. Байқауға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар, белгіленетін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті лауазымға:

Кітапханашы: 

.              Кітапхана құжаттамаларын жүргізеді және олардың шынайылығына жауап береді. Атап айтқанда, мынадай құжаттамалар:

•    инвентарлық журналдар, жалпы есепке алу журналы (салалық басылымдар мен оқу құралдарының пайдаланылуы бойынша);

•    мектеп кітапханасы жұмысының күнделігі;

•    оқырмандар жоғалтқан кітаптардың орынын ауыстыру және орнына берілген кітаптарды қабылдау дәптерлері;

•    келіп түсу және есептен шығару жөніндегі актілік құжаттар;

•    оқулықтар мен оқу құралдары қорының картотекасы.

.          Қор жағдайы мен оқырмандар сұранысын зерттеу негізінде  Білім беру басқармасының рұқсат қағазы (разнарядкасы) бойынша  білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын құрады.

•    анықтамалықтарға, энциклопедияларға, сөздіктерге және классикалық әдебиетке басым сипат бере отырып ғылыми-танымдық және көркем құжаттар қорын жасақтайды.

•    оқу құжаттары мен әдістемелік құжаттарға тапсырыстар береді; Қазақстан Республикасының жаңа үлгідегі оқулықтар жинақтамалары тізбесін пысықтайды, мұғалімдер мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қойған оқулықтарға тапсырысты ресімдейді, жаңа құжаттардың келіп түсуін қадағалайды т. б.

•    дыбысбейнелі құжаттар қорын толықтырады (техникалық құралдар көмегімен көрсетілетін бейнелі және/немесе дыбыстық, мәтіндік ақпараттары бар құжаттармен).

          Кітапхана қоры бойынша:

•    құжаттардың есепке алынуын (келіп түсуін, оқуға берілуін, шығарылуын) жүзеге асырады;

•    құжаттардың техникалық өңделуін, алынуын ұйымдастырады;

•    құжаттардың жүйелі түрде әліпбилік тәсілмен орналасуын қамтамасыз етеді және олардан оқушыларға арналған тақырыптық, жанрлық көрмелер ұйымдастырады;

•    оқырмандарға берілген құжаттардың пайдаланылуын және қайтарылуын қадағалайды; ашық қол жеткізілім жағдайы кезінде кітапхана қорының сақталуына қатысты шараларды қарастырады: оқырмандармен алдынала әңгімелер өткізеді, құжаттарға мұқият болу жөнінде ескертпе-бетбелгілер дайындайды, құжаттардың дер кезінде қайтарылуы үшін тиісті шаралар қолданады т. б.;

•    ішкі жұмыстар жүргізілетін сағаттарда және санитарлық тазалық күндерінде қорлардың дұрыс орналасуын тексереді, құжаттарды қарап, ескірген, ғылыми-танымдық құндылығын жоғалтқан, сондай-ақ тұтынудан қалған, жөндеуді, қалпына келтіруді қажет ететін құжаттарды анықтайды;

•     директоры қол қойған бұйрыққа сәйкес қорға мезгіл-мезгіл тексеру жүргізіп отырады;

•    кітапхана қорының физикалық сақталуын және талап етілетін сақтау режимдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; өрт қауіпсіздігіне байланысты шаралар қабылдайды.

           Абонементке,  оқу бұрышында, сыныптарында, оқу кабинеттерінде диффренцияланған (саралап жіктелген) кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету ісін ұйымдастырады:

•    оқырмандар қызығушылығын зерттейді: жеке әңгімелесулер, сауалнамалар арқылы;

•    ұжымдық және жекелей мәтін оқу жоспарларын жасайды;

•    оқырман формулярларына (тіркеу карточкаларына) талдау жасайды;

           Оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі және машинамен оқылатын негіздерге түсірілетін анықтамалық-библиографиялық аппараттарды жасау ісін ұйымдастырады, жүргізеді, редациялайды және оған жауап береді.

           Жұмыстың жеке, топтық және бұқаралық формаларын: әңгімелесу, көрмелер өткізу, библиографиялық шолулар жасау, кітаптарды талқылау, оқырмандар конференцияларын, әдеби кештер, викториналар өткізу шараларын т. б. қолдану арқылы үздік құжаттар үлгілерінің кең таралуына ықпал етеді.

           Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білім минимумымен танысуын, яғни: кітапхананы пайдалану, қорларды орналастыру ережелерімен, анықтамалық-библиографиялық аппаратпен, кітап құрылымымен және оның безендірілу тәсілдерімен, анықтамалық құжаттармен т. б. танысуын қамтамасыз етеді.

           Кітапхананы жабдықтармен, өндірістік құралдармен, кітапханалық техникалармен қамтамасыз етеді; заманауи интерьер ұйымдастырады, кітапхананың көркем безендірілуіне жауап береді, оқырмандарға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

           Компьютерлер болса, жаңа ақпараттық технологияларды қолданысқа ендіреді.

           Кітапханада тиісті санитарлық-гигиеналық режимді қамтамасыз етеді.

           Кітапхана активін жасақтайды, оқырмандарды (соның ішінде оқушыларды) кеңесші орган – кітапхана кеңесі мен оқырмандар активінің жұмысына қатысушы ретінде тартады.


7. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

  - мемлекеттік кәсіпорын басшысының атына жазылған өтініш (еркін нысанда);

            - түйіндеме;

            - жеке куәліктің көшірмесі;

            - білімі жөнінде құжаттың көшірмесі;

            - еңбек жолын растайтын құжат;

            - (зейнетақы шарты) құжаттарының көшірмесі;

            - психиатриялық және наркологиялық диспансерінен анықтама;

            - соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

            - «Денсаулық  сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Рспубликасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша медициналық  анықтамасы.