Alikhan Bokeikhan University" гуманитарлық факультет филология кафедрасы семинар өткізді » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Alikhan Bokeikhan University" гуманитарлық факультет филология кафедрасы семинар өткізді

02
ноябрь
2021

Alikhan Bokeikhan University" гуманитарлық факультет филология кафедрасы семинар өткізді

Alikhan Bokeikhan University" гуманитарлық факультет филология кафедрасы 2021 жылдың 2 қараша күні дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру аясында әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында «Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері» тақырыбында жоғары білікті ұстаз әрі сертификатталған мектеп тренері, "ШҚО білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "N27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің @school27semey қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Отынбаева Дана Бекенқызы дәріс оқыды.
Іс-шара мақсаты – университеттің болашақ педагог мамандарды даярлау ісін жетілдіру бағдарламасына сәйкес жетекші практик мамандарды оқыту үрдісіне тарту, білім беру мекемелерімен әріптестік, ынтымақтастық байланыс орнату.
Семинарда орта білім берудегі жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту ерекшеліктерін, бағалау критерилерінің талаптары жан-жақты кеңінен қарастырылып талданды, олардың қазіргі оқыту үрдісінде қолданылуы практикалық мысалдар жүзінде таныстырылды. Филология кафедрасының «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» ББ студенттері өз ойларын ортаға салып белсенділік танытты. Аталған шара студенттердің кәсіби біліктіліктерін дамытуда игі әсерін тигізері сөзсіз. Бұл болашақ педагогтардың дайындығына қосылған елеулі үлес.