БҮГІНГІ КҮН – ЕРТЕҢГІ ТАРИХ...
2023 жылы маусым айында мекеп директоры болып Тукенова Айгуль Турсыновна тағайындалды. Директордың орынбасарлары: Шәріпхан Динара Ермековна, Болыскенова Роза Болыскенқызы, Гүлназ Жұмашкановна, Ляззат Касымжановна. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым сапалы білім беруді көздеген біртұтас команда ретінде нәтижеге бағытталған әрекеттестікте қызмет атқаруда. Айгүл Тұрсыновна мектептің өңдеу жұмыстарын жалғады. Заман талабына сай жабдықтаған георгафия, химия кабинеттері ашылды. Мектеп асханасы, кіреберісі жаңа үлгі бойынша өңделді. Бірінші қабатта білім алушыларға арналған ыңғайлы гардероб жасалды. Акт залы жаңартылды.
Ғимарат қабырғалары тақырыптық стендтермен жабдықталды: Абай бұрышы, Біртұтас тәрбие бағдарламасы, Ұлттық құндылықтар керуені, Заманауи мұғалім, Мектеп миссиясы, Терең білім, тағылымды тәрбие ордасы. 2023-2024 оқу жылында информатика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің Семей қаласы педагогтеріне арналған «Электрондық оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарын сабақ беру үрдісінде тиімді пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Мектебімізде табысты еңбек еткен дене шынықтыру мұғалімі, футбол жаттықтырушысы Смыков Ермек Амангельдинович еске алу турниры өтті.
Айгүл Тұрсыновнаның бастамасымен қаңтар айында «50 жыл – 50 белес» атты ауқымды жоба әзірленді, білім ордасының 50 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес ай сайын түрлі деңгей мен форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды: тақырыптық кездесулер, поэзия сағаттары, музыкалық кештер, спорттық жарыстар, әскери патриоттық сайыстар т.б. Мерейтойға мектеп түлектері де жұмылдырылып, «Түлектердің жұлдызды аллеясы» ашылды. 2010 жылы мектеп бітірген 11 «А» сыныбы «Мен 27 мектепті жақсы көремін» заманауи композициясын сыйлады. Түлектердің игі истері мектепке деген сағынышы, ұстаздарға деген құрметі. Сонымен қатар 50 жылдыққа арналған іс-шаралар аясында экологиялық жоба да жүзеге асырылып, мектеп ауласында әдемі табиғат бұрышы жайғастырылды. Мерейтойлық әдемі құрылыстар мектептің сыртқы бейнесін көркейте түсті.
Қазіргі уақытта мектептің жобалық қуаты 720 орынды құрайды. 1-11 сыныптар бойынша жалпы бала саны - 1048 оқушыны құрап отыр.
Мектептің материалдық-техникалық базасы ілгері дамуда: 33 оқу кабинеті, 2 компьютер сыныбы, 1 спорт залы, 120 орындық асхана, 1 ресурстық кабинет (КПИ), интерактивті тақта саны -13, кітапхана -1. Жалпы кітапхана қоры: 39968, оқулықтар саны – 24258,әдістемелік оқу құралдары – 15710,оқырмандар саны – 1132.
Жаңа модификациядағы биология, физика, робототехника, кабинеттері заманауи құрал–жабдықтармен жабдықталған. Мектеп ғимараты кең жолақты интернетке қосылған. Мектеп аумағы мен фойесі бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мектеп «BilimClass», «Online Mektep» платформаларымен толығымен қосылған.
Спорт залының құрал-жабдықтары бар (шведтік баспалдақ, гимнастикалық төсеніштер, ешкі, көпір, шаңғы және т.б. құрал-жабдықтар.)
Педагогтердің біліктілік санаты
Педагог-зерттеуші | 22 |
Педагог-сарапшы | 21 |
Педагог-модератор | 26 |
Екінші санатты | 3 |
Педагог | 2 |
Бейсанатты | 18 |
Жалпы педагог саны | 92 |
Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы үлесі | 47% |
Оқу процесі Қазақстан Республикасының жалпы білім беру стандартына және оқу пәндері бойынша типтік жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Оқушылардың тоқсандар бойынша қозғалысында мектеп тұрғындарының өсу динамикасы байқалады. Мектептің білім сапасы 64%.
Мектептің әлеуметтік желідегі аккаунттарында (Instagram, Facebook, YouTube), мектеп сайтында жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Мектептегі оқу процесі, іс-шаралар, білім аушыларға, ата-аналарға қажетті ақпараттар уақытылы жарияланып отырады. Мектеп сайтында оқу –тәрбие жұмысының барлық бағыты қамтылған.