14
май
2022
Бала сері - 2022
Мектебімізде 5-6 сыныптар арасында мектепішілік «Бала сері - 2022» атты сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Жас ұрпақты ана тілін, тарихын құрметтеуге шақыру, әрі патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылды. . «Жеті атасын білген ер – жеті рудың қамын жер» деген таныстыру кезеңінде барлық қатысушылар сайысқа жоғары деңгейде дайындықпен келгендерін байқатты. «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде жас серілер әр түрлі жанрда өнер көрсетті. Сайысқа қатысушылар әр түрлі кезең бойынша бақтарын сынап,өзара додаға түсіп,өз өнерлерін көрсетіп көзге түсті.. Байқау қорытындысы бойынша ұпай санымен алдыға оза шыққан оқушылар мақтау қағаздарымен марапаталды. Атап айтсақ, 5 «А» сынып оқушысы - Маратов Әбілмансур Бас жүлдені жеңіп алды.
5 «Г» сынып оқушысы – Исабеков Нурали І-орын иегері.
6 «Б» сынып оқушысы – Қажыгелдин Бибарыс ІІ-орын иегері.
5 «В» сынып оқушысы –Нұрбекұлы Қуаныш ІІІ- орын иегері атанды.
Барлық сайысқа қатысушы жеңімпаздарды құттықтаймыз!👏🏻