16
май
2022
Жидебай жеріне саяхат
Мектебіміздің 10-11 сынып түлектері, жетекшілері мен ата-аналар комитетінің төрағасы Манасов Айдар Тортаевич мырзамен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориялдық мұражайына ұлы ақын туған Жидебай жеріне саяхат жасап қайтты. Басты мақсаты – оқушыларға дана Абайдың тағылымын, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу болды.
Жол басшы, тарих тылсымынан сыр шерткен ұлы дала, онда дүние есігін ашқан ғұламаларымыз туралы кеңінен әңгімелеп отырды. Жидебай бағытына бет алған жолда алғаш болып тоқтаған орны, Күшікбай батыр асуы болды. Содан кейін де бірнеше жерлерге тоқтады. Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай үйі, Қасқабұлақ – Абайдың туған жеріне, Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім кесенесінде аялдап, осында жерленген алыптар Абай мен Шәкәрім, Абайдың інісі Оспан, Шәкәрімнің ұлы Ахаттың рухына құран бағыштап, зиярат етті. Абай ғұмырын өткізген қыстау үй – бүгінгі мұражайды аралап, көзі тірісінде хәкім тұтынған заттарды көріп, құнды жәдігерлермен де таныстырды. Ұлылар мекенінің ұлағатына бой алдыра жүріп, өздеріне маңызды деген мағлұматты алды деген үміттеміз.