Семей қаласы Білім бөлімінің бұйрығы
2020 жыл 14 наурыз
Пандемия кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру мекемелерінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуын алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 14 наурыздағы «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы» № 108 бұйырығы негізінде, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 202 жылғы 14 наурыздағы «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы» № 337 бұйрығы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін, қосымша білім беру мекемелерінің басшыларына:
1) білім беру, оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдасын;
2) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салсын (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.);
3) білім алушылардың халықаралық спорттық, мәдени, туристік
іс-шараларға шығуына тыйым салсын;
4) онлайн режимге ауыстырылып, мәжілістерді өткізу барынша азайтылсын;
5) осы бұйрықтың1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін штаттық режимде жүзеге асырсын, ата-аналар мен заңды өкілдердің тілегі бойынша еркін бару режимін қамтамасыз етсін, балалар болмаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымда баланың орнының сақталуын қамтамасыз етсін;
6) қосымша білім беру ұйымдарының қызметі 2020 жылғы 5 сәуірге дейін тоқтатылсын;
2. ҚР БжҒМ 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының үшінші тоқсанын аяқтауды қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар» орындауға қабылдансын (2 қосымша).
3. Орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалысты – 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда) анықтау.
4. Көктемгі демалыс уақытында педагогтерге шеттетілген режимде (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
5. Жұмыс берушілер – білім беру ұйымдарының басшылары жұмыс берушінің тиісті актісін қабылдаумен мыналарды анықтау мүмкіндігін:
1) тікелей ұйымдағы білім беру ұйымдарының тынысы мен қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлерді (әкімшілік, техникалық қызметкер);
2) шеттетілген режимде қашықтық технологияларының негізінде білім беру, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету бойынша еңбек қызметін іске асыратын қызметкерлерді;
3) кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысына баратын қызметкерлерді қарастырсын.
6. Бөлім басшысының орынбасарлары Г. Б. Оразбекова, В. В. Шипилова осы бұйрықты бағынысты мекемелерге жеткізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Бөлім басшысы Н. Фесенко