ҰБТ-ге дайындық. «Юстади» тестілеу орталығында өткен байқау тест. » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰБТ-ге дайындық. «Юстади» тестілеу орталығында өткен байқау тест.

21
февраль
2018

ҰБТ-ге дайындық. «Юстади» тестілеу орталығында өткен байқау тест.

Мектеп түлектерінің алдында мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыру міндеті тұр. Сондықтан қазіргі уақытта 11 сынып оқушыларымен жан-жақты дайындық жүргізілуде. Мектеп түлектеріне қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындаудың дәстүрлі емес нысандары, әдіс-тәсілдері ұсынылуда. Қыркүйек айынан бастап жүргізілген тестілеуде «Достық» білім беру орталығы, «Пять+» тестілеу орталығының сынама тестілері пайдаланылып, онлайн тестілеуге де қатысты.

2018 жылғы ақпанның 15-сі күні «Семей қалалық білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес мектебіміздің 11сынып оқушылары «Юстади» тестілеу орталығына барып, шынайы режимге жақындатылған сынақ тестілеуге қатысып, оффлайн түрінде тапсырды. Кезекті сынақ тестілеуде 51 оқушының 45-і өздерінің білімдерін оқу сауаттылығынан, математикалық сауаттылықтан, Қазақтан тарихынан, өздері таңдап отырған пәндері бойынша  білім деңгейлерін көрсетті. 

Алдағы уақытта мұндай сынақ тестілеу жалғастырылады.