Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс. » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс.

31
октябрь
2024

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс.

                                                   Хабарландыру

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 31.10.2024 – 08.11.2024ж аралығында қазақ сыныптарындағы ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі лауазымына декреттік демалыс орнына  2 бос  орынға конкурс жариялайды. 

11.11.2024 ж сағат 10:00-де ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау бойынша конкурстық комиссия отырысы өтеді. 

Өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 31 қазан - 2024 жылдың 08 қараша  қоса алғанда.

Абай облысы, Семей қаласы Әуезов даңғылы 17  мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. мектеп поштасына электронды форматта semey_sosh27@mail.ru

Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.


                                                                                               Мектеп әкімшілігі


















Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Абай облысы, Семей қаласы, Әуезов даңғылы 17, т. 32-77-71электрондық адрес: semey_sosh27@mail.ru

Мемлекеттік білім беру ұйымының қазақ сыныптарындағы ағылшын тілі  пәні мұғалімі ваканттық қызметке қазақ тілінде оқытатын 1 ваканттық орынға декреттік демалыс орнына, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі. 

Құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан қоса беріледі);

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан қоса беріледі).