18
сентябрь
2018
Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражайымен бірлескен дөңгелек үстел
Қыркүйек айының 18 күні мектебіміздің
«Мәңгілік ел» кабинетінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
мақаласы аясында жас ұрпақтың бойында
Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, руханиятқа бет
бұруына ықпал ету мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Д.Б.Отынбаеваның
ұйымдастыруымен қаламыздағы Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражайымен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш
іс-шараға 10-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Мұражай қызметкері Елекенова
Раушан Алиханқызы «Қазақстандағы Абай ескерткіштері» деген тақырыпта қызықты көрме
ұйымдастырып, тың деректермен таныстырды. Соңынан оқушылар мұражайдан келген
қонағымызға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.