Ауған соғысы ардагерімен кездесу » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

19
февраль
2018

Ауған соғысы ардагерімен кездесу

       17 ақпан күні Семей қаласындағы № 27 жалпы орта білім беретін мектепте 6 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Садыканова Жанар Бейсенбекқызының ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші өтті.  

       Кездесудің мақсаты - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін еске алу. Бұл кешке ауған соғысының ардагері Манасов Айдар Тортаевич қатысты. Кездесу кешінде ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді  еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды.

        Кеш барысында ардагер оқушыларға патриоттық сезімнің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыс болмауын, жастардың Отанды қорғау парызы екендігін есте шығармауын тілге тиек етті. Ауған соғысы кезіндегі жауынгерлердің ерліктерін еске алдынды. Кеш соңы өнерпаз оқушылардың концертімен аяқталы.

       Ардагерлермен кездесу  жағымды атмосфера аясында өтті, бұл кездесу өскелең ұрпақ пен аға буын арасын одан әрі жалғастыра түседі деп сенеміз.