2023 – 2024 оқу жылындағы мектепішілік Ұланбасы сайлауының өткізілу ЕРЕЖЕСІ
2023 – 2024 оқу жылындағы мектепішілік Ұланбасы сайлауының өткізілу
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты мен міндеті:
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатыстылықты қалыптастыру.
- Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, тілін білу негізінде өскелең ұрпақтың руханиадамгершілік әлеуетін қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттыру;
- танымдық қызметті ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына жағымды жағдай жасау;
·баланың жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігін қалыптастыруға, көшбасшылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға бағытталған жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Ұланбасының қызметі:
"Ұлан басы" - "Жас Ұлан" ұйымының көшбасшысы, мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару ісінің басшысы, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметіне басшылық етеді, мектеп әкімшілігімен өзара қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді, өз атынан және оқушылардың атынан мектеп қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен педагогтар арасындағы даулы жағдайларды шешуге қатысады, әртүрлі әлеуметтік жобаларды, іс-шараларды басшылық етеді және ұйымдастырады.
"Жас Ұлан" келесі функцияларды орындайды:
- тәрбие;
- танымдық;
- коммуникативтік;
- әлеуметтік;
- ақпараттық;
- шығармашылық.
"Жас Ұлан" қызметінің қағидалары»:
- жалпыадамзаттық құндылықтар мен азаматтық сана-сезімнің басымдығы;
- еріктілік пен қолжетімділік;
- ұрпақтар сабақтастығы, "Жас Ұлан" дәстүрін сақтау»;
- ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда ересектер мен балалардың бірлігі;
·патриотизм, төзімділік және іс-әрекеттің рухани-адамгершілік бағыты
Сайлау күнін тағайындау, кандидаттар ұсыну
1. Қазақстанның барлық мектептері бойынша "Ұланбасы" сайлауы мектеп үдерісін қозғамай қыркүйектің үшінші аптасынан кешіктірілмей өткізіледі.
2. Сайлау күні туралы хабарлама оқушылардың назарына жеткізіледі.
3. "Ұланбасы" 7 және 10 сынып оқушылары бола алады.
Дауыс беру тәртібі
- Дауыс беру сайлау күні кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасынан кейін өткізіледі.
- Әрбір сайлаушы өзі дауыс береді.
- 7-11 сынып оқушылары сайлаушылармен қатыса алады
Өткізілу күні: 21.09.2023 жыл
Дауыс беру қорытындыларын анықтау
- Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру қорытындылары анықталғанға дейін үзіліссіз жүргізеді.
- Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны анықталады;
- Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны анықталады;
- Дауыстарды санау нәтижелерін сайлау комиссиясы қарайды және хаттамаларға енгізіледі, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
- Сайлау қорытындылары мектеп стендінде орналастырылады және мектеп баспасөзінде жарияланады.
- "Ұланбасы" ең көп дауыс жинаған кандидат болып саналады
Мектеп тәлімгері: Нургалиева А.М.