Бастауыш сынып мұғалімі лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау бойынша конкурс нәтижесі
Хаттама №3 23.08.2023 жыл
Сағат 10:00де
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі лауазымына үміткерлердің құжаттарын қарау және іріктеу бойынша конкурс өтті.
14.08.2023-22.08.2023 ж аралығында 7 күн ішінде үміткерлердің құжаттары жинақталды. Конкурс туралы хабарландыру Білім және Ғылым Министрінің 21 ақпан 2012 жылғы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының, Оқу-ағарту минстрінің 22.12.2022 жылғы №513 бұйрыққа қосымшасына сәйкес орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі лауазымына конкурс жарияланып, қалалық білім бөлімінің және мектептің ресми желісінде, электрондық еңбек биржасында enbek.kz сайттарына жарияланды.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01 тамыз 2023 жылғы «педагог лауазымына тағайындау үшін комиссия құру туралы» №62 бұйрығына сәйкес төмендегі құрамда комиссия құрамы тағайындалды:
Комиссия төрайымы: мектеп директоры Тукенова А.Т.
Комиссия мүшелері:
Камалиева А.З.- білім бөлімінің кадрлар жөніндегі әдіскері
Шәріпхан Д.Е. – оқу ісі жөніндегі орынбасары
Болыскенова Р.Б.—ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА жөніндегі орынбасары
Шарипбаева М.- кәсіподақ ұйымының төрайымы
Комиссия хатшысы: Курманбекова А.М.- іс-қағаздар жүргізуші
23 тамыз 2023 жылы сағат 10:00де орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі лауазымына үміткерлер 2 адамның құжаттары қаралды.
Үміткер 2 адам:
Сартаева Алтынай Хасеновна
Бесембаева Айгерим Александровна
Үміткерлердің құжаттарын, бағалау парағын қарап, төмендегі нәтиже шығарылды.
Конкурстық комиссияның құжаттарды қарау бойынша пікірлері:
Кәсіподақ комитетінің төрайымы М.М.Шарипбаева:
Үміткер Бесембаева Айгерим Александровна нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш толық толтырылмаған, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама жоқ, педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы толық емес.
ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТАнің орынбасары Р.Б.Болыскенова:
Үміткер Сартаева Алтынай Хасеновнаның құжаттары толық.Бағалау парағы 13,5 баллға сәйкес келіп тұр.
Оқу ісінің орынбасары Д.Е.Шәріпхан:
Үміткерлердің құжаттары жан-жақты қаралды. Соның ішінде Сартаева Алтынай Хасеновнаның құжаттары толық.
Шешім:
Комиссия құрамы лауазымға үміткер адамдардың құжаттарын қарап, Білім және Ғылым минстрінің 21 ақпан 2012 жылғы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының, Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 жылғы №513 бұйрығының қосымшасына сәйкес құжаттардың толық және 13,5 баллдық бағалау парағын тапсырған Сартаева Алтынай Хасенона тағайындауға ұсынылады.
(Конкурс өткізу туралы ережесінің 126-тармағы).
Қолдады: 5.
Қарсы -0.
Комиссия төрайымы: ___________________Тукенова А.Т.
Комиссия мүшелері: ___________________Камалиева А.З.
___________________Шәріпхан Д.Е.
____________________Болыскенова Р.Б.
____________________Шарипбаева М.М.
Комиссия хатшысы: ____________________ Курманбекова А.М.