12
июль
2023
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау
Құрметті 2023 жылғы ТАЛАПКЕРЛЕР!
💻Сіздерге 2023 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлаймыз.
📌Құжаттарды қабылдау 3 тәсіл бойынша жүзеге асырылады.
1️⃣Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы. Бұл ретте тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады;
2️⃣Онлайн. Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды;
3️⃣Онлайн. Egov.kz порталы арқылы.
👆Айта кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
👏Сіздерге сәттілік!