3 “А” сыныбында математика пәнінен мазмұнды да қызықты ашық сабақ
17 қараша күні 3 “А” сыныбында математика пәнінен мазмұнды да қызықты ашық сабақ ұйымдастырылды. 🔢 Сабақтың тақырыбы:Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Сабақ барысында оқушылар: • шамалар арасындағы тәуелділікті анықтады; • пропорцияның белгісіз мүшесін табу жолдарын үйренді; • берілген есептерді талдап, дұрыс шешім шығару дағдыларын бекітті. Оқушылар белсенді жұмыс жасап, топтық және жеке тапсырмалар орындап, өз білімдерін сенімді түрде көрсете алды. #АшықСабақ